Ұлытау облысында "Табысты отбасы" әлеуметтік жобасы басталады

799

Ұлытау облысында "Самұрық-trust" Қорының қаржылық қолдауымен мұқтаж және көпбалалы отбасыларға кәсіп ашуға мүмкіндік беретін жоба басталады.  

Ұлытау облысында "Табысты отбасы" әлеуметтік жобасы басталады Фото: almaty.tv

 Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Табысты отбасы" жобасының бренд-амбассодоры Айжани Нұрланованың сөзінше бұл жоба негізінен мемлекеттің әлеуметтік көмегіне іліне алмаған отбасыларға арналады. Ондағы мақсат осындай отбасылардың ірі кәсіп ашып кетпесе де, әр отбасы үй жағдайында ісін дөңгелетіп, күнделікті отбасына табыс әкелетін жағдай жасау.

"Самұрық-trust" Қоры бұл жобаны еліміздің 5 өңірінде жүзеге асырып жатыр.  Жобаның басты ерекшелігі – бес бағытта шеберлік-сыныптары өткізіледі.  Қатысушылардың қалауы бойынша  бағыт таңдалады. Олар екі апта бойы өздері қалаған кәсіптің түрі үйреніп алуына мүмкіндік болады. қатысушыларға қатысты шектеу жоқ, жоспар бойынша 300 адам қатысуы керек",-дейді Айжани Нұрланова.

"Табысты отбасы" Ұлытау облысында пилоттық негізде жүзеге асады. Сондықтан, өңірден әзірге 40 адам іріктеледі. Оларға Қор тарапынан құрал-жабдық негізінде грант беріледі, яғни грант ақшалай берілмейді. Гранттар негізінен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға беріледі.

"Табысты отбасы" жобасы 5 өңірде пилоттық  негізде жүзеге асып жатқандықтан, оны жүзеге асыруға "Самұрық-Қазына" тарапынан "Самұрық-trust" Қоры  арқылы 200 млн теңгеге жуық қаражат бөлініп отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу