ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі "ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі "Ұлытау техникалық университеті" ШЖҚ РМК құру туралы" Үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп жазады inbusiness.kz.
Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Университет техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсынатын болады.
Қаулы жобасын жария талқылау 4 мамырға дейін жалғасады.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 шілдеде Ұлытау облысына жасаған сапары барысында Жезқазғанда мемлекеттік техникалық университет ашу мәселесін қарастыру жөнінде тапсырма берген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу