Ұлытау облысында "Ulytau Go" жастар лагері өтуде

81

Жыл сайынғы "Ulytau Go" жастар лагеріне өңірдің үздік және белсенді 50 жас азамат қатысуда.  

Ұлытау облысында "Ulytau Go" жастар лагері өтуде Фото: Ұлытау әкімдігі

Лагерьге Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау, Жаңаарқа аудандарынан жас кәсіпкерлер, волонтерлер, жұмысшы жастар және қоғамдық белсенділер қатысуда, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Үш күнге жоспарланған бағдарлама жастардың тұлғалық дамуына, кәсіби бағытын айқындауға және жаңа ортада тәжірибе алмасуына бағытталған. Лагерь барысында:

  • "Жеке бренд қалыптастыру",
  • "Мобилография ерекшелігі",

"СММ" тақырыптарында семинар-тренингтер,
сондай-ақ спорттық жарыстар мен қазақ тіліндегі интеллектуалды "ТезТап" ойыны өтеді.

Жастар лагерьдің үшінші күні тарихи орынға  Жошы хан кесенесіне саяхат жасап, Ұлытаудың рухани-мәдени мұрасымен танысады.

"Ulytau Go" лагері – жастардың жаңа идеяларын іске асыруға, көшбасшылық қабілетін дамытуға және өңірдің белсенді жас буынын біріктіруге арналған маңызды алаң.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу