Ұлытау облысында заңсыз өндірілген марганец құны 950 млн теңгеден асты

248

Күдіктілер заңсыз кен өндіру үшін ауыр карьер техникасын – экскаваторлар, тиегіштер мен самосвалдарды пайдаланған.

Ұлытау облысында заңсыз өндірілген марганец құны 950 млн теңгеден асты Фото: Бейнежазбадан

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Қаражал қаласындағы "Восточный" карьері аумағында марганец кенін заңсыз өндіруді ұйымдастырған адамдар тобының әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күдіктілер заңсыз кен өндіру үшін ауыр карьер техникасын – экскаваторлар, тиегіштер мен самосвалдарды пайдаланған. Карьер аумағында өндірістік база жабдықталып, онда өндірілген шикізат ұсақтау-жуу кешені арқылы өңделген.

Кейін кен жүк автокөліктерімен тиісті құжаттарды пайдалана отырып, ел аумағынан тыс жерге шығарылған.

– Нәтижесінде сатылған марганец кенінің көлемі 4 мың текше метрден асып, оның құны 950 млн теңгеден асады. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу