Тыл еңбеккерлеріне 200 мың теңге көлемінде біржолғы төлем беріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің жұбайларына 100 мың теңге мөлшерінде төлем қарастырылған. Бұдан бөлек, концлагерьлер мен өзге де мәжбүрлі ұстау орындарының тұтқындарына да 200 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Айта кетейік, Ұлытау облысында қазіргі таңда 317 тыл еңбеккері, 19 соғыс ардагерлерінің жұбайы және 2 концлагерь тұтқыны тұрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу