13 наурыз күні сағат 22:35-те Жезқазған қаласынан 320 шақырым қашықтықта ТЖД күштерімен 4 жұмысшыны іздеу жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар таңғы уақытта 4 жеңіл автокөлік және 1 трактормен Жезқазған қаласынан Шалакөл кен орнына жол жүрген.
"Іздестіру жұмыстары нәтижесінде 14 наурыз 07-30-да жоғалған адамдар оңтүстік-батыс бағытта Жезқазған қаласынан 180 шақырым жерден табылды", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу