Ұлытау облысында Сарысу өткелінің маңындағы жеке жолда тепловоз бен локомотив соқтығысты. Салдарынан бес вагон мен тепловоз аударылып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жеке локомотив бригадалары орташа дәрежеде жарақат алды.
"Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына немесе магистральдық желінің жұмысына әсер еткен жоқ", – деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын Қазақмыс ұйымдастырады. Пойыздарды жөнелту 16 қазанға жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу