Ұлытау облысында жылқы іздеуге шыққан үш адам жоғалып кетті

381

Іздестіруге ТЖМ, ЖАО және ПД күштері мен құралдары дереу жұмылдырылды. 

Ұлытау облысында жылқы іздеуге шыққан үш адам жоғалып кетті Фото: ТЖМ

Қаңтардың 3-нен 4-не қараған түні Ұлытау облысында Бостұмсық ауылының маңында жылқы іздеуге шыққан, бірақ уақытында оралмаған 1997, 1972 және 1968 жылы туған үш ер адамды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қиын өтімділік жағдайында құтқарушылар қар басып қалған жолдарды тазалап, іздестіру топтарының қозғалысын қамтамасыз етті. Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.

"Іздестірудің 5 сағатынан кейін жоғалғандар Қаракеңгір ауылынан шамамен 30 шақырым жерден табылды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу