Ұлытау облысындағы кеніште 39 жастағы жұмысшы көз жұмды

514

Арнайы құрылған комиссия оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Ұлытау облысындағы кеніште 39 жастағы жұмысшы көз жұмды Фото: freepik.com

Ұлытау облысындағы "Өркен" кенішінде 39 жастағы жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Өркен" ЖШС кенішінде жазатайым оқиға болғанын қайғыра хабарлаймыз. 1984 жылы туған ұңғымашы қаза тапты. Арнайы комиссия құрылып, іс тергеліп жатыр. "Өркен-Атасу" ЖШС басшылығы мен ұжымы шын жүректен көңіл айтады. Марқұмның отбасына барлық қажетті қолдау ұжымдық шартқа сәйкес көрсетілетін болады", - деп хабарлады "Өркен" ЖШС баспасөз қызметі.

"Өркен" ЖШС темір кені кәсіпорны "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының құрамына кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу