Ұлытау облысының аумағына киіктер ауып келіп жатыр

461

Осыған байланысты мамандар киіктер өтетін жердер қалдыруға кірісті.  

Ұлытау облысының аумағына киіктер ауып келіп жатыр Фото: gov.kz

Ашатұяқты жануарлар жылы жаққа кешігіп қалғандықтан осындай жағдай орын алып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

Ұлытау облысы әкімінің ұйымдастыруымен "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Ұлытау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ, Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ММ, "Охотзоопром" ӨБ РМҚК-нің мамандары және Жаңаарқа ауданының әкімдігімен қоса жануарларға аса қауіпті аймақ саналатын темір жол бойында орналасқан темір торларды ашып, киіктердің тосқауылсыз өтуіне жағдай жасады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының ҚТЖ басқармасы да көмек қолын созды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу