Ұлытау облысының аумағына зымыран бөліктері құлады

116

Кеше Байқоңырдан жаңа пилоттық кеменің ұшырылымы сәтті жүзеге асты.  

Ұлытау облысының аумағына зымыран бөліктері құлады Фото: Видеодан скриншот

Алайда Ұлытау облысының аумағына зымыран бөліктері құлаған. Мамандар "Союз МС-28" қалдықтарынан экологияға зиян келтірілмегенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылдың 27 қарашасында "Байқоңыр" ғарыш айлағынан Астана уақытымен 14:27-де "Союз МС-28" пилоттық кемесі бар зымыран-тасығыш сәтті ұшырылды. Зымыранның ұшырылуы штаттық режимде өтті.

– Зымыранның бірінші сатысы Ұлытау облысындағы елді мекендерден қашықтағы арнайы белгіленген аймаққа құлады. Халық үшін қандай да бір қауіп жоқ. Оқиға орнында "Роскосмос" мамандары, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей экологтері жұмыс жүргізіп жатыр. Өлшеулер мен сынамалар алынады. Алдын ала мәліметтер бойынша, экологияға зиян келтірілмеген, – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Ведомство атап өткендей, "Союз МС-28" экологиялық тұрғыдан қауіпсіз отын – керосин мен сұйық оттегін пайдаланады.

Құлаған бөлшектер радиациялық, химиялық немесе биологиялық қауіп тудырмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу