Ұлытау облысының Қаражал қаласында "Мемлекеттік Рәміздер" алаңы ашылды

144

Республика күні қарсаңында Ұлытау облысының Қаражал қаласында маңызды іс-шара өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ұлытау облысының Қаражал қаласында "Мемлекеттік Рәміздер" алаңы ашылды Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Салтанатты рәсімге қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Дәстүрлі лентаны Қаражал қаласының әкімі Айқын Елеусізов пен қаланың құрметті азаматы, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Омар Мешітбай қиды. Қаражал қаласының тағы бір құрметті азаматы Жетімек Жарқынбай алаңның ашылуының маңыздылығын ашатын әсерлі өлең жолдарын оқыды. 

Жиын соңында хордың орындауында "Атамекен" әні орындалды. Жаңа алаң Қаражалдың мәдени өмірінің маңызды бөлігіне, мерекелер мен іс-шаралар өтетін орынға айналатыны сөзсіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу