Бүгінде Жезқазған қаласындағы 22 мектепте арнайы жәшіктер орнатылып, оқушылар қағаз, пластик және басқа да қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін күнделікті тәжірибеге енгізе бастады.
Жоба оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
Сонымен қатар, сұрыпталған қалдықтарды тапсыру үшін EcoQolday мобильді қосымшасы арқылы өтінім беру мүмкіндігі қарастырылған.
Айта кетейік, Астана қаласынан кейін мектептерде экобокстарды жаппай орнату тәжірибесін енгізген алғашқы өңірлердің бірі – Жезқазған қаласы. Мұндай бастамалар жас ұрпақтың мектеп қабырғасында экологиялық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.