Ұлытау облысында "Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі" тақырыбында брифинг өтті

190

ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы Техникалық нормалау тобының бас маманы азаматтық қорғау майоры  Руслан Шайхин биыл атқарылған алдын алу жұмыстары туралы баяндады. 

Ұлытау облысында "Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі" тақырыбында брифинг өтті Фото: azattyq ruhy

"Өткен жылдардағы өрттерді талдау кезінде, өрттердің көп бөлігі, жылыту кезеңінде, сондай-ақ халықтың аз қамтылған бөлігінде орын алғанын көрсетті. ​Атаулы өрт-профилактикалық жұмысты жүргізу мақсатында әлеуметтік қорғау органдарының, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының деректері бойынша қатты отын пешімен жылытылатын 365 жеке тұрғын үйде тұратын халықтың әлеуметтік осал топтары отбасыларының тізімдері қалыптастырылды. Бұл санаттағы отбасылар қатарына көп балалы және аз қамтылған отбасылар, жалғыз басты мүгедектер мен зейнеткерлік жастағы адамдар жатады". 

​Департамент мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп өрт қауіпсіздігі айлығын үш кезеңде өткізуді жоспарлауда. Облыс аумағында "Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығының" бірінші кезеңі 2024 жылғы 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өткізілді. – "Акция барысында азаматтық қорғау қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен, әкімдікпен, әлеуметтік қорғау қызметкерлерімен және "Аманат" партиясы мен "Бірлік" еріктілер ұйымының еріктілерімен бірлесіп, үйлерді өрт қауіпсіздігіне келтіру бойынша қажетті көмекті айқындау тұрғысынан халықтың әлеуметтік осал топтарының барлық үйлерін аралап шықты. Тұрғындармен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары, өрт болған жағдайда іс-қимылдар туралы нұсқамалар өткізіліп, әлеуметтік осал топтағы отбасылардың тұрғын үйлеріне улы газ анықтау датчиктерін орнату жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда облыс бойынша 93 датчик орнатылды, оның ішінде 60 - улы газды анықтаушы және 43 - түтін датчигі", –  деді Руслан Шайхин.

​Сонымен қатар, спикердің айтуынша, 25 тамызда Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен "Біріңғай қауіпсіздік сағаты" атты акция ұйымдастырылды. Акция барысында адамдар көп шоғырланатын жерлерде өрт сөндіру техникаларын демонстративті көрсету жұмыстары және "Технодом", "Мечта", "Сулпак" сияқты ірі сауда орталықтарында өрт қауіпсіздігі бойынша видеороликтер көрсетілді.

​Екінші кезең 2024 жылғы 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өткізілді. Екінші кезеңде тұрғын үй секторында халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінде анықталған бұзушылықтар бойынша қайта аулалық аралау жүргізілді. ​Үшінші кезең ағымдағы жылдың 15 қазанында басталып, 2025 жылдың 20 сәуіріне дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу