Ұлытау облысының прокуроры тағайындалды

1387

Бұл қызметке Жасұлан Еламанов келді.

Ұлытау облысының прокуроры тағайындалды Фото: ҚР Бас прокуратура

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Жасұлан Бекмырзаұлы Еламанов Ұлытау облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жасұлан Еламанов 1977 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысының Қармақшы ауданында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдары бірқатар жауапты басшылық лауазымдарда қызмет еткен.

Алматы қаласы прокуратурасында Бостандық ауданы прокурорының орынбасары, Мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры болған.

Одан бөлек, Алматы облысы Ескелді ауданының прокуроры, Жамбыл облысы Қордай ауданының, Тараз қаласының прокуроры, Қызылорда облысы прокурорының және Бас көлік прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Бас көлік прокурорының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу