Ұлытау өңірінде онкологиялық аурулар неліктен жиілеп кетті

542

Ұлытау облысындағы онкологиялық аурулардың себептерін, оның ішінде Байқоңыр ғарыш айлағы қызметінің әсері тұрғысынан зерделеу бойынша арнайы комиссия құрылды.  

Ұлытау өңірінде онкологиялық аурулар неліктен жиілеп кетті Фото: azattyq-ruhy.kz

Бұл туралы Экология министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Экология және табиғи ресурстар, денсаулық сақтау, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің аумақтық бөлімшелері жүргізген сауда объектілерінде өндірілетін тамақ өнімдері, жер үсті сулары, топырақ, атмосфералық ауа мен радиация сынамаларының іріктеу қорытындысы бойынша Жезқазған-Ұлытау өңірінің аумағында радиациялық фонның асуы және атмосфералық ауаның ластануы тіркелмеген, бұдан басқа улы элементтердің (кадмий, қорғасын, мышьяк) және гептилдің артық көрсеткіштері анықталмаған", делінген министрлік таратқан хабарламада.

Ұлытау облысының Жезқазған-Ұлытау өңірінде онкологиялық аурулардың себептерінің, оның ішінде Байқоңыр ғарыш айлағы қызметінің әсеріне байланысын анықтау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын тереңірек жүргізуді қажет етеді.

Сондай-ақ, Ұлытау облысы әкімдігінің қаулысымен өңірді зерделеу бойынша комиссия құрылды.

Айта кетсек, 2023 жылдың 16 қаңтарында Парламент Мәжілісінде Ұлытау облысының Жезқазған-Ұлытау өңірінде Байқоңыр ғарыш айлағы қызметінің әсері тұрғысынан онкологиялық аурулардың өсу себептерін зерделеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша екі комиссия жұмысын оңтайландыру мақсатында төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық зілзала аймағы деп жариялау болжанатын аумақты (акваторияны) зерделеу бойынша комиссияның шеңберінде біріктіруге қолдау тапты.

"Онкологиялық аурулардың өсу себептерін зерделеу жөніндегі комиссия жұмысының мәні Техникалық тапсырмада интеграцияланғанын ескере отырып, Байқоңыр ғарыш айлағы қызметінің әсері тұрғысынан Ұлытау облысының Жезқазған-Ұлытау өңірінде онкологиялық аурулардың себептерін зерттеу жөніндегі комиссияның жұмысы аяқталды", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу