Ұлытау ұлы бабаларға тағзым ету орталығына айналуға тиіс – Президент

1542

Мемлекет басшысы "Ұлытау – 2019" Халықаралық туристік форумына қатысты. 

Ұлытау ұлы бабаларға тағзым ету орталығына айналуға тиіс  – Президент

Ұлытау туристік мекенге, демалыс аймағына, ұлы бабаларға тағзым ету орталығына айналуға тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлытау – 2019" Халықаралық туристік форумында осылай деді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында "Ұлытау – 2019" Халықаралық туристік форумына қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде Ұлытау аймағына туристерді тарту мәселесіне тоқталды.

"Ұлытау аймағы міндетті түрде Қазақстанның туристер тарту картасының алдыңғы қатарында болуы тиіс. Бұрын жобаланған "Ұлытау" ұлттық табиғи паркін құру мәселесін жүзеге асыру керек. Биыл мұнда туристер үшін арнайы орталық ашылуға тиіс",– деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бұл өлке туристік мекенге, демалыс аймағына, ұлы бабаларға тағзым ету орталығына айналуға тиіс.

"Бұл өңірге қазақ тарихының символы болатын ескерткіш-ансамбль орнату қажет. Қасиетті Ұлытау – ұлтты ұйыстырудың, елді біріктірудің негізі",– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент өз сөзінде қолға алынатын бастамалардың халқымыздың ұлттық бірегейлігін нығайта түсуге оң ықпал ететініне сенім білдірді

"Ұлытаудың тарихы мен тағылымын жастар тәрбиесі мен отаншылдықты, ішкі туризмді дамытуға пайдалану керек",– деді  шарада Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу