Ұлытауда асырап алған балаларын құл қылған келіншек сотталды

298

Әйел балаларға ауыр жұмыс істеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Ұлытауда асырап алған балаларын құл қылған келіншек сотталды Фото: © Sputnik / Тимур Батыршин

Ұлытау облысында әйел адам жетімдер үйінен екі үл, бір қызды асырап алған. Келіншек оларды оқытып өсіргеннің орнына, қоралы малдың тезегін тазалатқызып, қара жұмысқа аямай салған. Жасөспірімдерді қорлаған әйел 4 жылға сотталды.

Балаларға "жанашырлық" танытқан Садықованың шаруа қожалығы бар. Ол 2018 жылы 3 жетім балаға патронат болады. Уақыт өте келе ол балаларды жұмысқа салып, даладан темір-терсек те тергізіпті.

"Садықова заң талаптарын елемей және патронаттық келісімнің міндеттерін орындамай балаларды ауыр үй шаруасымен айналысуға, сондай-ақ, Жезқазған аумағында металл сынықтарын жинауға мәжбүрлеген. Егер, балалар өзіне бағынбай, жұмысты сапасыз атқарған жағдайда Садықова оларды сабаған", – деп хабарлайды Ұлытау облысының прокуратурасы.

Белгілі болғандай келіншек сот үкімімен 2024 жылдың 11 шілдесінде сотталды.

"Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың 2024 жылғы 11 шілдедегі үкімімен Садықова кәмелетке толмағандарды азаптау және қорғаншы өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды", деп хабарлайды прокуратура.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу