Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының жұрты балабақша төлемінің бірден бес мың теңгеге көтерілуіне наразы. Ашуға булыққан бұқара бұл жағдайдан кейін Астанадағы бес баланың өлімі қайталанады ма деп үрейленіп отыр. Себебі, бір отбасында бұл балабақшаға кем дегенде екі бала барады. Сондықтан, айлығы мен шайлығына әрең қол жеткізіп отырған жандар қалай күн көреміз деп шу шығарды. Бұл мәселеге қатысты облыстық білім басқармасы басшылары не дейді? Проблема қалай шешілді?
Балабақша төлемінің өсуіне қарсылық білдірген аналар 18 000 теңге аудан үшін өте қымбат деп отыр. Себебі, ауылдық жердегі ағайын көбіне малмен жан бағып, күндерін әрең көріп отыр. Оның үстіне, балабақшаға бір емес, қос баласын беріп отырғандардың да қарасы қалың.
"Менде екі бала. Біреуі ересектеу, оны қалдырып кеттім көрші үйге. Не деген масқара, баға қымбаттап кетті. Мен білмеймін, түсінбейбін. Маған ешқандай жеңілдік жоқ не көмек жоқ",- дейді Жаңаарқа ауданының тұрғыны Гүлзат Нұрмағамбетова.
Жеңілдік атымен жоқ. Жас аналар осы қымбатшылықтан кейін, Астанадағы бес бірдей баланың өлімі Жаңаарқа ауданында қайталанады ма деп үйрейленеді.
"Қараңыздар бізге он сегіз мың төлейсіздер деп айтып жатыр. Ұнамаса, мини центрге, үйге алып кетіңдер дейді. Ал енді Астанада болған жағдай, бес бала өртеніп кетті ғой. Анасы жұмыста болған. Мысалы балабақшаға бере алмайды. Миницентр жарты күнге барады. Үйде болғанда балаларға бірдене болса, кім жауап береді айтыңызшы",- деді Жаңаарқа ауданының тұрғыны Нұрсұлу Тілеубаева.
Деседе, Ұлытау облысының білім басқарамасының басшысы шулаған аналардың наразылығын біле тұра, төлем бағасы келесі айдан бастап көтеріледі, дейді.
"Бір айдан кейін жаңа бағамен төлем жүреді. Шынайы қарайтын болсақ бағаға, ертең жеке кәсіпкерлер тасмалдауға бензин кететін болғандықтан, олар бәрібір қанша дегенімен азық-түліктің бағасына қандайда болсын өзінің үлесі тиеді", -деп өз ойын білдіріді Ұлытау облыстық білім басқармасы басшысы Ұлытау облыстық білім басқармасы басшысы Сафура.
"Ит үреді, керуен көшедінің" кейпінде қалған бұқараның алдағы айдан бастап көтерілген бағаны төлеуден басқа амалы жоқ. Себебі, басқарма басшысы кері бұрылатын жол жоқ деп отыр.