Ұлытауда балық қырылып жатыр

1427

Ұлытауда балық қырылып жатыр

Қарағанды облысы Ұлытау ауданының балықшылары Сарысу өзенінен жүздеген өлі балықты байқаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қарағанды облысында ресейліктер мен белорустар алтын және күміс өндіретін зауыт салды. Ал одан шыққан қышқылдар облысымыздағы ең ірі өзен Сарысуға құяды", - деп жазды фейсбук қолданушы Александр Галаев. Ол өзендегі өлі балықтар түсірілген үш видеороликті жариялады.

"Жалтырбұлақ" АҚ зауытының басшылығы өзенге қышқыл жіберетіндерін жоққа шығарды. "Жалтырбұлақ" АҚ кәсіпорыны Сарысу өзенінен 100 шақырым қашықтықта орналасқан. Оның үстіне өндірісте қышқыл қолданылмайды. Өндіріс барысында айналма су қолданылмайды. Қолданылған су заңнамалық талаптарға сәйкес экология департаментіне тапсырылады", - деп мәлімдеді акционерлік қоғам.

Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы, аймақтық экология департаменті қызметкерлері балықтар қырылған жерге аттанды.

"Қазіргі уақытта жағдайды анықтау және Сарысу өзенінен су сынамасын алу мақсатында тиісті мамандар оқиға орнына аттанды. Олардың арасында аталған департамент қызметкерлері  мен арнайы зертханашылар бар", - деп хабарлады өңірдегі экология департаментінің баспасөз қызметі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу