Республика күніне орай Ұлытау облысы денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова ақ халатты абзал жандарға алғыс айтып, көпжылғы адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Еңбек ардагері" медалімен марапаттау рәсімін өткізді.
Сонымен қатар, салтанатты жиында бір қатар азаматтар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін", "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгілеріне ие болды.
– Медицина саласының үздік қызметкерлеріне азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін ҚР Денсаулық сақтау Министрінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, Ұлытау облысының "Құрмет грамотасы" және Ұлытау облысы әкімінің Алғыс хаты табысталды, – делінген ақпаратта.