Ұлытауда киікті заңсыз аулаған полиция капитаны ұсталды

962

Инспекторлар атылған 18 киіктің тұтас етін анықтады.

Ұлытауда киікті заңсыз аулаған полиция капитаны ұсталды

Қарағанды облысында заңсыз киік аулаған полиция капитаны жауапқа тартылуда. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметке сілтеме жасап хабарлайды.

2018 жылдың 25 желтоқсанында Қарағанды облысында табиғат қорғаушы инспекторлары Нұра ауданының аумағына рейд жүргізген. Рейд барысында "Жанбөбек" ауылынан 30 шақырым жерде сынып қалған Тойота Ленд Крузер-100 бен Тойота Ленд Крузер-80 автокөліктері кездескен.

"Аталмыш автокөліктердің ізімен инспекторлар жүре отырып, атылған 18 киіктің тұтас етін анықтады. Инспекторлар оқиға орнынан із суытып кеткен адамдарды іздестіре бастады. Шұбаркөл ауылдық округінің учаскелік полициясының ақпараты бойынша инспекторлар Ұлытау ауданының Алғабас ауылына шықты. Алғабас ауылында Ұлытау аудандық ІІБ полициясының учаскелік инспекторы Бралинов М.Ж-ның сарайынан атылған 12 киіктің тұтас еті табылды", – деді Сәкен Ділдахмет Фейсбук парақшасында. 

Қазіргі уақытта аталмыш іс бойынша Қылмыстық кодекстің 337-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу