2026 жылғы қаңтар-наурызда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 14,8% өсіп, 1 231,4 млрд теңгені құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі негізінен құрылыс нысандарын салу және жөндеу жұмыстарының ұлғаюымен (37,5%-ға) байланысты.
Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең үлкен үлес автомобиль және теміржол жолдарын, сондай-ақ метрополитенді салу жұмыстарына (жалпы көлемнің 25,5%), тұрғын емес ғимараттар (22%) мен тұрғын үйлер (11,6%) құрылысына тиесілі.
Өңірлік бөліністе құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі республиканың 16 өңірінде байқалды. Айтарлықтай өсім Ұлытау облысында (2 есе), Жамбыл облысында (52,7%), Павлодар облысында (26,6%), Маңғыстау облысында (23,1%), Қызылорда облысында (22%-ға), Батыс Қазақстан облысында (17,4%-ға), Түркістан облысында (17,4%) және Шығыс Қазақстан облысында (15,9%), сондай-ақ Шымкент (49,2%) және Алматы қалаларында (22,7%) тіркелген.
2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы алаңы 4 846,9 мың шаршы метрді құрады.
Тұрғын үйдің жалпы алаңы 2025 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 3,8%-ға өсіп, 3 869,4 мың шаршы метрге жетті.