Ұлытауда мал ұрлығына қатысы бар 2 қылмыстық топ ұсталды

334

Тергеу кезінде күдіктілердің 13 мал ұрлығы дерегіне қатысы бары анықталып жатыр.  

Ұлытауда мал ұрлығына қатысы бар 2 қылмыстық топ ұсталды Фото: qazaly.kz/

Ұлытау облысында жыл басынан бері мал ұрлығына қатысы бар екі қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында топ құрамындағы 10 адамның 13 мал ұрлығы дерегіне қатысы бары анықталып жатыр. Сонымен қатар жекелеген қылмыстық істер бойынша тағы үш күдікті ұсталған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде заңды иелеріне 40 бас мал қайтарылды. Қазір аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мал ұрлығының алдын алу мақсатында өңірде "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы тұрақты түрде өткізіліп келеді. Полиция мал иелерін төрт түлікті қараусыз қалдырмай, таңбалап, есепке қоюға шақырды. Мал жоғалған немесе ұрланған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу