Ұлытауда мемлекетке құны 443 млн теңгелік 31 жер учаскесі қайтарылды

225

Прокурорлар заңсыз берілген және мемлекетке қайтарылмаған жерлерді анықтады.  

Ұлытауда мемлекетке құны 443 млн теңгелік 31 жер учаскесі қайтарылды Фото: baq.kz

Ұлытау облысында прокурорлар жалпы құны 443 млн теңге болатын 31 жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокуратураның мәліметінше, жер ресурстарын ұтымды пайдалану және жер заңнамасының сақталуын бақылау аясында жүргізілген тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталған.

Атап айтқанда, Жаңаарқа ауданында ауданы 169 гектар, құны 334 млн теңге болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің заңсыз берілгені белгілі болды.

Сондай-ақ Жезқазған қаласында уақытша жер пайдалану мерзімі аяқталғанымен мемлекет меншігіне қайтарылмаған, жалпы ауданы 2,9 гектар, құны 96 млн теңге болатын 29 жер учаскесі анықталды.

Бұдан бөлек, құны 11 млн теңге болатын коммерциялық мақсаттағы жер учаскесінің де заңсыз берілгені белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижесінде мемлекетке жалпы құны 443 млн теңге болатын 31 жер учаскесі қайтарылды. Прокуратура жер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекет мүддесін қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу