2025 жылдың 6 қаңтарында Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық экология департаментінің басшысын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Антикорға сілтеме жасап.
8 қаңтарда ол соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, басқа адамдардың қатыстылығы тексерілуде.
Айта кету керек, 2024 жылдың 26 тамызында күдікті бизнесті қорғау жобасы аясында кәсіпкерлік қызметке араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.
Ол кәсіпкерге қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есеп беру туралы заңсыз талаптар қойған.