Ұлытау облысында "Сәтбаев – Малшыбай – Жошы хан – Домбаул кесенесі" бағытындағы жол құрылысына Ұлттық қордан 1 млрд теңге бөлінді, деп жазады inbusiness.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ұлытау облысының көлік инфрақұрылымын және туризмді дамыту бойынша облыстық маңызы бар "Сәтбаев – Малшыбай – Жошы хан – Домбаул кесенесі" автомобиль жолының құрылысының ұзындығы 19,5 шақырымды құрайды. Жобаның жалпы құны – 6,1 млрд теңге. 2023 жылы "Сәтбаев – Малшыбай – Жошы хан – Домбаул кесенесі" автомобиль жолының құрылысына Ұлттық қордан 1 млрд теңге бөлінді", - деп хабарлады жергілікті атқарушы орган.
Жыл соңына дейін 3 дана су өткізгіш құбырды орнату, 8 шақырымдық ірі және ұсақ түйіршікті асфальтбетонды төсеу, сондай-ақ көпір тіректерінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
"Бүгінгі таңда материалдардың қымбаттауына байланысты жобалық сметалық құжаттаманың құнын түзету (корректировка) жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.