Ұлытауда республикалық этномәдени фестиваль өтеді

418

Шара қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін дәріптеуге бағытталған.  

Ұлытауда республикалық этномәдени фестиваль өтеді Фото: gov.kz

27 маусымда Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы Ералиев ауылында "Көкмайса – Ұлы даланың тірі тарихы" атты республикалық этномәдени фестиваль ұйымдастырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Фестиваль барысында қонақтар этноауылдарды аралап, ұлттық тұрмыс пен дәстүрлермен таныса алады. Сондай-ақ қазақтың қымыз мәдениетін насихаттайтын "Қымызмұрындық" рәсімі көрсетіледі.

Шара аясында ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылып, қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді. Бұдан бөлек, бір мезетте 500 биені сауу рәсімі көрсетілетін тарихи көрініс көрермен назарына ұсынылады. Ұйымдастырушылар бұл көрініс қазақтың көшпелі өмір салты мен жылқы мәдениетін паш ететін ерекше шаралардың бірі болатынын атап өтті.

Мерекелік бағдарламаның соңы танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін үлкен концертке ұласады.

"Көкмайса" фестивалі – Ұлы даланың рухын, ата-баба дәстүрін және қазақ халқының мәдени мұрасын жаңғыртатын бірегей жоба. Ұйымдастырушылар барша қазақстандықтарды тарихи-мәдени мерекенің куәсі болуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу