Ұлытау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында белгілі болған. Тексеру кезінде автоколоннаны ұйымдастырған азамат анықталып, оған қатысты ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған 8 жүргізушіні анықтап, олардың көліктерін мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырды.
Жалпы құқық бұзушыларға қатысты 22 әкімшілік хаттама рәсімделді. Олардың арасында қарсы қозғалыс жолағына шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлікті пайдалану талаптарын бұзу, жол қозғалысына қатысушыларға авариялық жағдай туғызу және өзге де құқық бұзушылықтар бар.
Полиция азаматтарға жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертті. Ведомствоның мәліметінше, үйлену тойы немесе өзге де мерекелік іс-шаралар жол ережесін бұзуға және адамдардың өміріне қауіп төндіруге себеп бола алмайды.
Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуді жалғастырып, жол қозғалысы қағидаларын бұзған тұлғаларға заң аясында шара қолданылатынын атап өтті.