Ұлытауда зейнеткерді екі миллион теңге жымқырды деп алдамақ болған

258

Азаматтардың қырағылығының арқасында әйелдің ықтимал қаржылық шығынына жол берілмеді.  

Ұлытауда зейнеткерді екі миллион теңге жымқырды деп алдамақ болған Фото: sb.by

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында телефон алаяқтарының егде жастағы әйелді алдау әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бидайық ауылының тұрғындары әйелдің алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін екенін байқап, полицияға хабарлаған. Оқиға орнына барған учаскелік инспектор Марғұлан Өмірбекұлы әйелге қаскөйлердің әрекетін түсіндіріп, олармен сөйлесуді тоқтатуға көмектескен. Банк шоттары да жедел бұғатталған.

Алаяқтар бірнеше кезеңнен тұратын схема қолданған. Алдымен өздерін коммуналдық қызмет мамандары ретінде таныстырып, электр есептегішті тексеру сылтауымен SMS арқылы келген кодты алған. Кейін әйелге ХҚКО қызметкерлері мен полиция өкілі ретінде қоңырау шалған.

Сенімге кіру үшін олар мессенджер арқылы жалған қызметтік куәліктердің суреттерін жіберіп, әйелге психологиялық қысым көрсеткен. Алаяқтар оны бөтен депозиттен екі миллион теңге жымқырды деп жалған айыптаған.

Полиция азаматтарға SMS-кодтар мен құпиясөздерді бөгде адамдарға айтпауға және олардың нұсқауы бойынша қаржылық операция жасамауға кеңес береді. Күдікті қоңырау түскен жағдайда әңгімені тоқтатып, "102" нөміріне хабарласу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу