Ұлытауда жекеменшікке берілген су қоймасы мемлекетке қайтарылды

118

Нысанның жобалық сыйымдылығы – 11,5 млн м³.  

Ұлытауда жекеменшікке берілген су қоймасы мемлекетке қайтарылды Фото: primeminister.kz

Гидротехникалық құрылыстарды мемлекетке қайтару азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға, су ресурстарын тиімді басқаруға ықпал етеді.

Ұлытау облысының прокуратурасы гидротехникалық құрылыстарды мемлекет меншігіне қайтарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Прокурорлық шаралар нәтижесінде мемлекет мүддесін қорғау мақсатында бұрын жеке меншікке берілген жобалық сыйымдылығы 11,5 млн м³ болатын "Қылыш" су қоймасының гидротехникалық құрылысы мемлекет меншігіне қайтарылды.

"Қазіргі уақытта су қоймасын одан әрі пайдалану және оның инфрақұрылымын жақсарту мақсатында Қаражал қаласының әкімдігі гидротехникалық құрылысты реконструкциялау бойынша құжаттаманы әзірлеуге 16,4 млн теңге бөлді", – делінген бақылаушы орган таратқан хабарламада.

Жоба аясында 2 сорғы станциясын салу, шлюздерді ауыстыру және жоғары кернеулі электр беру желілерін жүргізу көзделіп отыр.

Прокуратура органдары су қоймалары мен олардың гидротехникалық құрылыстарын мемлекет меншігіне қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу