Ұлытауда жылу және электр желілерін жаңғыртуға 3,3 млрд теңге жұмсалады

219

Жобалар Жезқазған мен Сәтбаев қалаларындағы жылу және электрмен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға бағытталған.  

Ұлытауда жылу және электр желілерін жаңғыртуға 3,3 млрд теңге жұмсалады Фото: gov.kz

Ұлытау облысында биыл жылумен және электрмен жабдықтау нысандарын жаңғыртуға бағытталған бес жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олардың жалпы құны 3,3 млрд теңгені құрайды.

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен мәлімдеді.

Оның айтуынша, үш жоба электрмен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға бағытталған. "Kazakhmys Distribution" ЖШС жүзеге асыратын жобалардың жалпы құны 322 млн теңге. Қазір екі жоба бойынша мердігерлер анықталған. Оларды қаржыландыруды "Halyk Bank" АҚ арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр. Қажетті құжаттар банктің Кредиттік комитетінің қарауында.

Ал бір жоба бойынша қайта конкурс жарияланған.

Жылумен жабдықтау саласында "Жылу энергетикасы кәсіпорны" ЖШС жалпы құны 3 млрд теңге болатын екі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Қазір екі жоба бойынша да конкурс жарияланып, өтінімдер қабылданып жатыр.

Сонымен қатар 2027 жылға ТКШ-ны жаңғырту бойынша жалпы құны 3,7 млрд теңге болатын алты жоба ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу