"Ұлытау ауданында дала өрті салдарынан ТЖ режимі жарияланды. Өкінішке қарай, адам шығыны орын алып, көз жұмған жас жігіттің денесі табылды. Тиісті тергеу шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, 200-ден астам қой қырылды", - деп жазды Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек фейсбук парақшасында.
Қазіргі уақытта облыс бойынша 17 табиғи өрт ошағы бақылауға алынған. Оқиға орнында тәулік бойы 70 бірлік техника, ТЖД 350-ден астам қызметкері мен еріктілер жұмыс істеуде. Сондай-ақ орын алған 15 өрттің 10-ы жойылды. Қазір 2 дала өрті және 5 өрт ошағы бақылауға алынған.
Табиғи өрт ошақтарын сөндіруді жедел ұйымдастыру үшін "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіру шаралары әкімнің орынбасары С.Шайдаровқа тапсырылған.