Аталған іс-шараға Ұлытау облысынан 30-ға жуық фермер, диқан және ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ұлытау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Осы айтулы жиында жерлесіміз Мұханбетжанов Асқар Әлиұлы "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталды. Асқар Әлиұлы — Жезқазған қаласында орналасқан "Аяс" шаруа қожалығының басшысы. Қожалықтың негізгі қызмет бағыты – мал шаруашылығы. Асқар Әлиұлы өңірде ұйымдастырылатын мәдени және қоғамдық-саяси іс-шараларға белсене атсалысып, жәрмеңкелерде халыққа сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынып келеді, – делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Әкімдік атап өткендей, көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер ретінде ол ұжым арасында да, жергілікті тұрғындар арасында да зор құрмет пен беделге ие.