Ұлытаулық кәсіпкерлерді нендей мәселелер мазалап жүр?

598

Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңірдің бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті. 

Ұлытаулық кәсіпкерлерді нендей мәселелер мазалап жүр?

Кәсіпкерлермен кездесу – облыс құрылған сәттен бастап ұйымдастырылған алғашқы ауқымды іс-шара, деп жазады inbusiness.kz.

"Атамекен" ҰКП-ның мәліметінше, қазіргі кезде облыста 14 619 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның 9 мыңға жуығы жеке кәсіпкерлер және 3 мыңы – фермерлер.

Кездесу барысында кәсіпкерлер ең өзекті мәселелерді айтты. Олар мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыруға қатысты. Кездесу барысында шешімін тапқан мәселелер болды. 

"ГИС-Жез" жеке кәсіпкерлігінің иесі Зарина Құрманбаева ағаш түрлерін өсіреді. 2022 жылы кәсіпкер бизнесін кеңейту үшін қосымша жер телімін жалға алған. Алайда Жезқазған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі жер телімін беруден бастап тартып, онда қалалық саябақ салу жоспарланғанын айтып, сондай-ақ кәсіпкер өз қызметін жүзеге асырып жатқан жер телімі де тәркіленетінін жеткізген.

Облыс әкімі уәкілетті ведомствоға кәсіпкерге көмектесіп, басқа жерде қосымша жер телімін бөліп беруді тапсырды.

"Мұндай жобалар біздің облысымызға қажет", – деп атап өтті Берік Әбдіғалиұлы.

Отандық бизнеске қатысты жүйелі мәселелер де талқыланды – тауар өндірушілерге жеңілдікпен салық салу, бағаларды индекстеу, әсіресе орталық мемлекеттік органдар деңгейінде көтерілетін құрылыс материалдарына қатысты ұсыныстар айтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу