Ұлытаулықтардың жалақысын арттырып, демалыс күндерін көбейту ұсынылды

671

"Жаңа облыста жалақыға – 20% үстеме және ақы төленетін демалыс уақытына 10 күн қарастыру қажет". Бұл – мәжіліс депутаты Құдайберген Ержанның премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа айтқан ұсынысы, деп жазады, inbusiness.kz тілшісі.

Ұлытаулықтардың жалақысын арттырып, демалыс күндерін көбейту ұсынылды

"Ұлытау өңірінің Арал экологиялық апатынан және Байқоңыр космодромының зардабын тартып отырғаны белгілі. Осыған байланысты арнайы бағдарлама қабылдауды ұсынамын. Бағдарламада жалақыға 20% үстеме ақы, ақы төленетін демалыс уақытына 10 күн қарастыру қажет", - деді депутат.

Сонымен бірге өңірді дамыту бағдарламасын дайындағанда, көш-қон бағдарламасының олқылықтарын ескеріп, жетілдіру жағына да қарауды ұсынды.

"Ұлытау өңіріне көшіп келушілерге және инвесторларға тартымдылығын арттыру мақсатында өңірлерді дамытуға бағытталған бағдарламалардың толыққанды, нәтижелі жұмыс жасауын қамтамасыз ету керек", - деді депутат.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу