Балалар жылында Umai ұлттық сыйлығы аясында "Үздік балалар спектаклі" арнайы жүлдесі тағайындалды.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Хореографиялық өнер" бойынша "Үздік би ұжымы", "Балеттегі үздік орындаушы", "Үздік хореограф", "Үздік балет спектаклі" аталымдары бойынша арнайы жүлде тағайындалмақ.
"Одан кейінгі номинация – "Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер". Бұл "Үздік сәндік-қолданбалы өнер туындысы" үшін және "Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер" аталымы бойынша 2 сыйлық көркем сурет, графика және заманауи өнердегі жұмыстарға беріледі", – деді спикер.
Ведомство өкілінің айтуынша, әр номинация бойынша жүлде қоры 2 млн теңгеден бастап 6 млн теңгеге дейін деп белгіленген.