"Ұмай" бағдарламасы бойынша 855 адамнан өтініш қабылданды

240

Бұл туралы "Отбасы банкі" хабарлады.  

"Ұмай" бағдарламасы бойынша 855 адамнан өтініш қабылданды Фото: Getty Images

Банктің мәліметінше, барлық қатысушы несие алуға алдын ала мақұлдау алған. Ипотека бойынша орташа қарыз сомасы 23,4 млн теңгені құрап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өтінім қабылдау 31 тамызда сағат 09:00-де басталып, жоғары сұранысқа байланысты алғашқы транштың 9 млрд теңгелік лимиті сол күні сағат 16:00-де толық игерілген. Енді мақұлданған қатысушылар баспана таңдап, несиені рәсімдей алады.

Бағдарламаның ең жас қатысушысы 18 жаста болса, ең үлкені – 63 жаста. Қатысушылардың орташа жасы 39 жасты құрады. Қаржыландыруды Азия даму банкі ұсынған.

Сұраныстың жоғары болуына байланысты "Отбасы банкі" екінші траншты мерзімінен бұрын бөлу туралы өтінішпен Азия даму банкіне жүгінді. Өтінім қабылдау қашан қайта басталатыны қосымша хабарланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу