"Үміт" домбырашылар ансамблі Чехияда өткен байқауда Гран-приді жеңіп алды

2204

"Үміт" домбырашылар ансамблінің құрамында 9-12 жас аралығындағы сегіз қатысушы бар.

"Үміт" домбырашылар ансамблі Чехияда өткен байқауда Гран-приді жеңіп алды

Саран қаласы өнер мектебінің оқушылары "Пражские шедевры" атты халықаралық көп жанрлы байқаудың жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Өнер сайысы 21-26 наурыз аралығында Чехия астанасында өтті.

Байқауға көптеген елдің өкілдері қатысты. Саран қаласының Балалар өнер мектебінің қазақ халық аспаптар бөлімінің оқушылары көрермендерді жарқын өнерімен қуантты. Нәтижесінде, "Аспаптық музыка" номинациясы бойынша "Үміт" домбырашылар ансамблі Гран-при және 400 евро ақшалай сыйлығын иеленді. Балалар конкурста қазақ халқының "Келіншек" күйі мен Сүгірдің "Бес жорға" шығармасын орындады.

Ұлы күйші Құрманғазының "Адай", "Балбырауын" және "Сары-Арқа" күйлерін тамаша орындаған солистер да назардан тыс қалған жоқ. Манас Алиев, Анна Шевченко және Кристина Осуховская байқауда бірінші орын иеленді.

"Үміт" домбырашылар ансамблінің құрамында 9-12 жас аралығындағы сегіз қатысушы бар. Ұжымды тамаша педагогтар, домбыра сыныбы бойынша оқытушылар – ерлі-зайыпты Қабиден Хамитұлы мен Гүлмира Сардарқызы Әбжатовтар басқарады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу