Үмітін үзбеген 181 бала

651

Жамбыл облысында онкоауруға шалдығып, ұзақ уақыт бойы ем қабылдап, үмітін үзбеген 181 бала есепте тұр.  

Үмітін үзбеген 181 бала

Онкологиялық патологиясы бар 107 жас жеткіншек негізгі химиотерапия мен хирургиялық ем түрлерін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында алуда.

Қазір 14 бала демеуші химиотерапиясын қабылдауда. Жалпы көмекші химиотерапия тұрғылықты мекен-жайы жері бойынша орналасқан емханада және Жамбыл облыстық балалар ауруханасының "Д" кабинетінде балалар гематолог-онкологының бақылауымен жүргізіледі.

Тіркеуде тұрған 181 баланың ішінде 80 жеткіншекке жедел лейкоз диагнозы қойылған. Созылмалы миелоидты лейкоз диагнозы 4 жасөспірімде анықталыпты.

Дәрігерлер емдеу шаралары қатерлі ісік түріне байланысты жүргізілетінін айтады. Олар негізінен хирургиялық араласу, химиотерапия, сәулелік терапия болып бөлінеді. Ал жақында тіпті иммунотерапия да қосылуы мүмкін екен.

Статистикалық көрсеткіштер жас баланың онкологиялық ауруға шалдыққанын ерте анықтау өте қиын екенін көрсетеді. Сондықтан ата-аналар балаларының денсаулығына өте мұқият болу керек дейді мамандар.

Ардақ Үсейінова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу