Үміткерлер арасында 2 жұмыссыз және 4 сенатор бар

614

Сайлау комиссиялары 62 үміткерді тіркеді.  

Үміткерлер арасында 2 жұмыссыз және 4 сенатор бар

2014 жылы сайланған сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі биыл қазан айында аяқталады. Сәйкесінше 2020 жылғы 12 тамызда сенат депутаттарының сайлауы өтеді. Оған 17 өңірден бір-бір депутаттан сайланады.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтің айтуынша, үміткерлерің арасында 26 инженер, 20 экономист, 12 педагог, 10 заңгер, 10 аграрлық сала қызметкері, 4 дәрігер, 3 журналист, 1 саясаттанушы және 1 басқа мамандық иесі бар.

"Кандидаттар арасында 18 коммерциялық құрылым қызметкері, 23 мемлекеттік ұйым мен кәсіпорынның мемлекеттік қызметкері, 18 мемлекеттік қызметші, 9 қоғамдық ұйым өкілі және 2 жұмыссыз үміткер бар. Сонымен қатар қазіргі уақытта қызмет атқарып отырған 4 сенатор өз кандидатураларын ұсынды. Бүгінгі таңда сенат депутаттығына үміткерлерді тіркеу үдерісі жүріп жатыр. Тірке осы жылдың 23 шілдесіне дейін жалғасады. Қазірге дейін сайлау комиссиялары 62 үміткерді тіркеді", – деді Берік Имашев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу