Үміткерлердің 87% өзін-өзі ұсынды – Берік Имашев

818

Ең жас үміткер 30 жаста. 

Үміткерлердің 87% өзін-өзі ұсынды – Берік Имашев

Қос шатырлы парламенттің жоғары палатасының депутаттығына бөлінген 1 орынға 5 адам үміткер болып отыр. Сенат депутаттығына кандидат ұсыну кезеңінің қорытындысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев осылай деді.

Оның сөзінше, биыл үміткерлердің басым бөлігін Алматы облысының өкілдері құраған. Олар алдағы науқанға 9 үміткер ұсынған. 

"Нұр-Сұлтан қаласынан – 8, Алматы қаласынан – 7 адам үміткер тіркелді.  Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы сайлауға 4 үміткер қосып отыр. Ұсыну тәртібіне келетін болсақ, үміткерлердің 87% өзін-өзі ұсынды. Қалған 13% мәслихаттардың атынан қатысады", – деді Берік Имашев. 

Комиссия төрағасының айтуынша, ең жас үміткер – 30, ең егде үміткер –
69 жаста. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу