Үміткерлердің теледебатына 63 млн теңге жұмсалады

531

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен отырыс барысында белгілі болды деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Үміткерлердің теледебатына 63 млн теңге жұмсалады Фото: toppress.kz

“Теледебат өткізуге 63 млн теңге бөлінеді. Ол қаражат  сайлау науқанының бюджетінен бөлінеді”, деді Орталық сацлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова мәлімдеді.

Теледебат үшін “Хабар” арнасы арнайы студия және декорация дайындауда. Бұл туралы “Хабар” арнасы Басқарма төрағасының орынбасары Дәулетхан Жиенқұлов мәлімдеді.

“Қаражат студияның декорациясына, тікелей эфирде өтетін байланысқа, эфир барысында жұмыс істейтін телеарна мамандарының жалақысын төлеуге және өзге де эфирді ұйымдастыруға қатысты шығындарға жұмсалады”, деді Дәулетхан Жиенқұлов.

Оның дерегінше эфир ең аз дегенде 80 минутқа жалғасады және дебаттың өтуіне байланысты одан да ұзақ болуы мүмкін. Қазір телеарна сайлаушылар тарапынан қойылатын сұрақтар жинауда. “Телеарна поштасына көрермендер тарапынан сұрақтар түсіп жатыр. Теледебат қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу