Умраға барамыз деп 20 жыл бойы жинадық – ерлі-зайыптылар қаражаттарын зілзала құрбандарына аударды

2451

Түркияның Чорум қаласында тұратын ерлі-зайыптылар Умраға барамыз деп 20 жыл бойы жинаған ақшасын жер сілкінісінен зардап шеккендерге берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты aa.com.tr сілтеме жасап. 

Умраға барамыз деп 20 жыл бойы жинадық – ерлі-зайыптылар қаражаттарын зілзала құрбандарына аударды Фото: Anadolu Agency

Түркияда қайырымдылық шарасы әлі жалғасып жатыр. Осы жолы Тахсин мен Гүлайша Данажылардың әрекетіне көпшілік сүйсінді. Чорумның Алажа ауданында тұратын олар қарапайым тіршілік кешіп жүрген жандар. Жолдасы шаруашылықпен айналысса, Гүлайша ханым үй шаруасындағы әйел. Екеуінің арманы - Умраға бару еді. Сол үшін де 20 жыл бойы тірнектеп ақша жинаған. Алайда бір сәті түспеген. Енді елдің басына келген қиын кезеңде осы қаражатты зілзаладан зардап шеккендерге аударуға шешім қабылдаған. Сөйтіп, Түрік Қызылай қорының Алажа бөлімінің басшысы Фатих Арсланға табыстады.

- "Еліміз бен халқымызға сабыр берсін. Қаза тапқандардың отбасына көңіл айтамын, тірі қалғандарға сабыр, ал жаралыларға шипа тілеймін. Қиын күндерде біз де халықтың жанынан табылғымыз келді. Сондықтан жиған ақшамызды көмек ретінде береміз деп шештік", - деді ерлі-зайыптылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу