Жетісу облысы Қаратал ауданының Ұмтыл ауылында прокуратура органдарының бастамасымен мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынған орталықтандырылған ауыз су жүйесінің ашылу рәсімі өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жобаны іске асыру нәтижесінде ауданның 500 тұрғыны орталықтандырылған ауыз сумен толық қамтамасыз етілді.
Аталған нысанның пайдалануға берілуі тұрғындардың өмір сүру сапасын едәуір арттырып, тасымалданатын суды пайдалануға деген қажеттілікті жойды.
Бүгінде Жетісу облысында денсаулық сақтау, білім беру және коммуналдық шаруашылық салаларында 27 әлеуметтік жоба іске асырылып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу