Үнді мұхитында Иран, Қытай және Ресей күштерінің жаттығулары басталды

1531

Олар түрлі тактикалық маневрлерді жүзеге асырады.

Үнді мұхитында Иран, Қытай және Ресей күштерінің жаттығулары басталды

Иран, Қытай және Ресей қарулы күштерінің "Теңіз қауіпсіздігі белдеуі" деп аталатын бірлескен әскери-теңіз жаттығулары Үнді мұхитының солтүстігінде басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Mehr агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұл маневрлерге ирандық тараптан әскери теңіз күштері мен Иран әскерінің бөлімшелері қатысады.

"Бағдарламаға сәйкес, түрлі тактикалық маневрлер жоспарланып отыр. Нақтырақ айтсақ, жанып жатқан кемені құтқару, басып алынған кемені босату, күндізгі және түнгі уақытта атыс жүргізу жаттығулары болады", – деді "Теңіз қауіпсіздігі белдеуінің" ресми өкілі адмирал Мостафа Таджодини.

19 қаңтарда Шығыс әскери округінің Тынық мұхиты флоты жөніндегі баспасөз қызметі Тынық мұхиты флотының үш кемесі Иран, Ресей және Қытайдың бірлескен жаттығуларына қатысу үшін Иранның Чабахар портына келгенін хабарлады. Кемелер тобы Владивостоктан 2022 жылдың басталуына бірнеше күн қалғанда сапарға шыққан.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу