"Үнді" штамы салдарынан індеттің жаңа толқыны болуы мүмкін – әкімдік

1019

Алматы әуежайы мен теміржол вокзалдарында бақылау күшейтілді. 

"Үнді" штамы салдарынан індеттің жаңа толқыны болуы мүмкін – әкімдік

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполистегі бірқатар ведомство басшыларымен бірге халықаралық әуежай мен қала вокзалдарының аумағындағы санитарлық эпидемиологиялық қызметтердің жұмысын тексерді, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеріс барысында Ержан Бабақұмаров Санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейтуді, оның ішінде Әуежай қызметкерлерін вакциналауға шақырды. 

"Алматы эпидемиологтары қауіпті "Дельта" штаммынан туындауы мүмкін коронавирустық инфекцияның жаңа толқынын жоққа шығармайды. Алматы қаласының коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі қалалық штабы тұрғындарды вакциналауға, сондай-ақ бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырды", – деп жазылған Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Алматы қаласы әкімінің орынбасары ел аумағындағы "Дельта" штамына қатысты соңғы деректерді ескере отырып, ұшу аумағындағы эпидемиологиялық шараларды тексерді. 

"Әуежайға кіре берістегі Ashyq қосымшасы арқылы сканерлеуге де назар аударылды. Күзет қызметіне орта есеппен әуежайға кіре берісте "қызыл" мәртебеге ие екі-үш жолаушы тіркелгені туралы хабардар етілді. Инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу үшін бұл адамдарға қатысты жедел шаралар қабылдануда", – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар әуежай бөлімшелері басшылары және өкілдерінің қатысуымен коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі қалалық штабтың көшпелі отырысы өтті.

"Дельта" штамы анықталған штамдарға қарағанда 60% жылдам жұғады. Орташа алғанда, бір адамнан 5-6 адам жұқтырады, ал айналымдағы штамдардан 3-4 адам. Штамның инкубациялық кезеңі жеті күнді құрайды. Ғалымдар коронавирустың "үнді" штамы жағдайында өлім-жітімнің ықтималдығы жоғары екенін айтады", – деді Жандарбек Бекшин. 

Еске салсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 20 маусымдағы жағдай бойынша SARS-CoV-2 "Дельта" штамы әлемнің 74 елінде анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу