"Үнді" штамын геномдық зерттеу толық аяқталған жоқ

879

Алдын ала нәтижелер мутациясының анықталғанын көрсетті. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Үнді" штамын геномдық зерттеу толық аяқталған жоқ

"Қазіргі кезде Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңға айда коронавирус инфекциясымен ауру деңгейі 1,7 есеге төмендеді. Стационарлық емделудегі науқастар саны 2,1 есеге, ал амбулаторлық емделудегі науқастардың саны 1,7 есеге азайды. Инфекциялық төсек-орындардың қоры жеткілікті. Олардың бүгінде 25%-ы, ал реанимациялық төсек-орындардың 21%-ы ғана қолданыста. Бұған халықтың вакцинациялау іс-шаралары мен эпидемияға қарсы қабылданған нақты шешімдердің бәрі ықпал етті деп айтуға болады", – деді Үкімет басшысының орынбасары. 

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов әлемде таралып жатқан жаңа штам туралы сөз қозғады.

"Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19-бен ауру деңгейінің өсуіне байланысты вирустың мутацияға ұшырау ықтималдығына қатысты скрининг жүргізілген. Алдын ала нәтижелері вирус мутациясының анықталғанын және ол "дельта" штамына, яғни "үнді" штамына тән екендігін көрсетті. Денсаулық сақтау министрлігінің жуырда жасаған мәлімдемесінде айтылғандай, түпкілікті қорытынды толық геномдық зерттеу аяқталғаннан кейін белгілі болады. Бұл штам көрші елдерде де анықталған. ДДСҰ мәліметтеріне сәйкес, "дельта" штамы бүгінде әлемнің 74 елінде анықталып отыр", – деді Ералы Тоғжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу