"Үнді" штамының белгісі суық тиюге ұқсас – Жандарбек Бекшин

1303

Алматыда коронавирустық инфекцияны 32 қайта жұқтыру жағдайы тіркелген.  

"Үнді" штамының белгісі суық тиюге ұқсас – Жандарбек Бекшин

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматының Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың "үнділік" деп аталып кеткен "дельта" штамының белгілері туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Айтуынша, ресейлік пен қазақстандық вакциналар аталған мутацияланған алты штамнан қорғайды.

"Алматыда коронавирусты 32 қайта жұқтыру жағдайы тіркелді. Сондықтан қауіпті инфекцияны, әсіресе оның штамдарын жұқтырмас үшін коронавирусқа қарсы вакцина қажет. Жаңа штамдар туралы айтсам, "Дельтаның" белгісі суық тиюге ұқсас. Бұл штамды көбінесе жастар жұқтырады. Басты симптомы – бас ауруы, тұмау, ангина, дене қызуының көтерілуі. Әдетте иіс сезу жоғалмайды және жөтел болмайды", – деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ "Дельта" штамын жұқтырған науқастардың іші ауырып, құсумен, тыныс жолының тарылады. 

"Вакцина ауруды болдырмай, әрі өлім жағдайларын азайтуға септігін тигізеді. Бүгінде Алматыда 386 222 адам вакциналанды. Өткен тәулікте індеттен 5 840 адам екпе алды.  60 жастан жоғары екпе алған адам саны 49 314 адамды құрайды", – деді шаһардың бас санитар дәрігері. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу