Үндістанда су тасқыны құрбандарының саны жүзден асты

1268

Үндістанда су тасқыны құрбандарының саны жүзден асты

Үндістанның солтүстігінде соңғы бірнеше күнде су тасқыны салдарынан 100-ден астам адам қаза тапты, деп хабарлайды egemen.kz.

Бұдан бұрын табиғи апаттан 64 адамның қаза болғаны, оның ішінде жексенбі күні Химачал-Прадеш штатында лай көшкіні салдарынан 48 адамның ажал құшқаны хабарланған болатын. Үндістанның төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық басқармасының соңғы деректеріне сәйкес, Ассам штатында апат салдарынан 20 адам көз жұмған. 183 мың адам шатырлы қалашықтарда бас сауғалауда. Сондай-ақ Бихар штатында табиғи апат құрбандарының саны күрт өсті.

Аймақта соңғы екі күнде су тасқыны салдарынан 41 адам қаза болған. Әртүрлі деректерге сәйкес, Уттаракханд штатында лай көшкіні кезінде 25 адам мерт болды. Өткен аптаның соңында Үндістанның солтүстігінде, Непал мен Бангладеште жауған нөсерлі жаңбыр соңы су тасқынына ұласты. Непалда апат салдарынан 91 адам қаза тауып, 38-і із-түссіз жоғалған. Ал Бангладеште 28 адам мерт болған. Осылайша, өңірде табиғи апаттан кемінде 225 адам көз жұмды.

Айта кетейік, Үндістанда жыл сайын адам шығынына себеп болатын ең қауіпті табиғи апаттардың бірі – су тасқыны. Биылғы қаңтар айында елдің метеорология департаменті 2016 жылы қолайсыз ауа райы мен табиғи апат салдарынан 1,6 мыңға жуық адам қаза болғанын хабарлады. Олардың басым бөлігі – 700-ге жуығы аптап ыстықтан қайтыс болған. Адам шығыны жағынан екінші орында су тасқыны тұр – 475 адам көз жұмған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу